Павлодарлықтар қандай шай ішеді: үнді дипломатының жауабы

Павлодарлықтар қандай шай ішеді: үнді дипломатының жауабы

Бұл сұраққа Қазақстан Республикасындағы Үндістан елшілігінің бірінші хатшысы Санджай Веди жауап берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Дипломаттың айтуына қарағанда, Қазақстан дүкендерінде сатылатын шайдың дәмі Үндістандікімен бірдей.

- Үндістандық бизнесмендер шайды сол жақтан үлкен партиямен осы жаққа әкеледі де, кіші пакеттерге салып сатады. Дәміне келсек, ол сол үнді шайы. Толық сеніммен мұны үнді шайы деп айта аламыз, - деді Санджай Веди.

Санджай Веди атап өткендей, Үндістанда шайдың түрлері көп және оларды таңдау кез келген адамның жеке қалауы.

- Үндістанда шайдың түрі көп. Әр адамға шайдың әр түрі ұнайды. Мысалы, Ассам, Нилгири, Дарджилинг және басқалар. Бұлар жыл мезгіліне байланысты өзгеріп тұрады. Көк шай ма әлде қара шай ма – таңдау өздеріңізде, - дейді дипломат.

Қазақстан шай ішу көрсеткіші бойынша 10-орында, халықтың 99 проценті күніне кем дегенде бір кесе шай ішеді. 2020 жылы шайдың импорты 30 мың тоннаға жуықтаса, кофе 1 560 тоннаға жеткен. 

Фото: автор