Павлодарлықтар үйлерінің қысқа дайындығын өздері бақылай алады
Жаз мезгілінде қызмет көрсету ұйымдары үш түрлі жұмысты орындауы керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық тұрғын-үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі облыс орталығының тұрғындарына үй қорының алдағы жылыту маусымына дайындық барысын бақылауда ұстауын сұрады.
- Қызмет көрсету ұйымдарының жұмысын жеке бақылауға алуларыңызды сұраймыз. Осы кезеңде қызмет көрсету ұйымдары шаю, қысымды тексеру және дроссель құрылғыларын орнату сияқты шараларды орындауы керек. Яғни бұл шаралардың уақытылы орындалуын бақылауға алу, қыста үйдің жылу болуы үшін аса қажет, - деді бөлім басшысының орынбасары Базылова Бақытгүл.
Атап өтерлігі, бгінгі таңда Павлодардағы 1277 тұрғын үйдің 98-і ғана жылыту маусымына дайын.
Жылыту маусымына дайындалған үйлердің тізімдері алдағы уақытта Павлодар қаласының тұрғын-үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің инстаграм парақшасында апта сайын жарияланып тұрады. Сол жерден өз үйіңіздің қысқа дайндығын білуге болады.