Павлодарлықтар ұлттық әшекей-бұйымдар жасауды үйренеді

Іс-шараға қатысу үшін алдын ала жазылу қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жастар бастамаларын дамыту орталығында қолөнердің қыр-сырын ашу бойынша шеберлік сағаты өтеді.
– Дәстүр мен шеберліктің үйлесімін сезініп, өз қолыңмен ерекше әшекей жаса. Қазақ ұлттық әшекейлерінің тарихы мен мән-мағынасымен танысамыз, – дейді ұйымдастырушылар.
Шеберлік сағат 20 маусымда сағат 16:00-де басталады. Тіркелу және қосымша сұрақтар бойынша 8 705 738 29 09 нөмірі бойынша хабарласуға болады.