Павлодарлықтар ұлттық спорт түрлеріне қатысып, бағалы сыйлықтар ала алады

Павлодарлықтар ұлттық спорт түрлеріне қатысып, бағалы сыйлықтар ала алады

Ertis Promenade пен Жаңаауыл шағын ауданындағы жеңімпаз спортшыларға бағалы сыйлықтар қарастырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғындары мен қонақтарының арасында аударыспақ, асық ату, арқан тарту, садақ ату, қазақ күресі, кросс, стритбол, мас-рестлинг, гір көтеру армрестлинг, қой  көтеру сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді. 

– Ertis Promenade  пен Жаңаауыл шағын ауданындағы ауылдарда ұйымдастырылған спорттық ойындарда жеңімпаз атанған спортшыларға бағалы сыйлықтар беріледі. Бірінші орынға  смарт сағат, «Жұлдызды аспан» түнгі шамы, блендер, үтік беріледі.  Екінші орынға дженга ойыны ұсынылады. Ал үшінші орынға скейтборд, мұздатқыш-сөмке, микрофон, шахмат ойыны, нейросекіргіш және тағы басқа сыйлықтар қарастырылған, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ertis Promenade сахнасында құрылатын сегіз киіз үйдің ішінде зергерлік өнер, ат әбзелдері, тігін өнері, бейнелеу өнері, ағаш өнері және музыкалық аспаптар қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылады. 

Естеріңізге салайық, Наурыз мерекесіне орай облыс орталығындағы шағын аудандар мен қала маңындағы ауылдарда 30 киіз үй орнату жоспарланған болатын. Қала тұрғындары мереке күндері Ertis Promenade сахнасында жабдықталған  сегіз киіз үйге  кіріп,  дәм тата алады.