Павлодарлықтар өздерін толғандыратын сұрақтарды қала әкіміне тікелей қоя алады
Шаһар басшысының тұрғындармен кездесуі 23 желтоқсанда өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Президенті 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес облыс орталығының басшысы Хасар Хабылбеков пен Павлодар қаласының ауылдық округтері әкімдерінің халықпен кездесулері ұйымдастырылады.
17 - 23 желтоқсан аралығында тұрғындармен кездесулер өтеді. Жұртшылықтың көкейінде жүрген мәселелер талқыланады.
17 желтоқсанда Хасар Хабылбеков Қыз Жібек көшесі, 5/1 мекенжайындағы Жетекші жалпы орта білім беру мектебінде сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін жергілікті халықпен жүздеседі.
23 желтоқсанда сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін қала әкімі Катаев көшесі, 44 мекенжайында орналасқан Қ.Әбусейітов атындағы мәдени-сауық орталығында павлодарлықтардың сауалына жауап береді.