Павлодарлықтар 2025 жылы жылу энергиясы үшін азырақ төлейді

Павлодарлықтар 2025 жылы жылу энергиясы үшін азырақ төлейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тариф тұтынушылар үшін 15%-ға дейін төмендейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап өңірде жылу энергиясының жаңа төмендетілген тарифтері енгізіледі. Бұл өзгеріс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаментінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес бекітілді.

Жалпы үйішілік есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін тариф 1 Гкал үшін 4 398,48 теңгеден (ҚҚС есебімен) 3 733,12 теңгеге дейін (ҚҚС есебімен) 15,1%-ға төмендейді. Жалпы үйішілік есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін тариф 1 Гкал үшін 5 010,14 теңгеден (ҚҚС есебімен) 4 851,88 теңгеге дейін (ҚҚС есебімен) 3,2%-ға төмендейді. Басқа тұтынушылар үшін тариф құны 2,8%-ға, бюджеттік ұйымдар үшін 3,8%-ға төмендейді.