Павлодарлықтар Амал мерекесіне орай Семей мен Ақсуға барды

Делегация құрамына мәслихат пен қалалық қоғамдық кеңес өкілдері, ардагерлер кеңесі мүшелері және мәдениет қызметкерлері енді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мереке аясында екі қаланың өнерпаздары көпшілікке арнап концерттік бағдарлама ұсынып, ұлттық ән-күй мен жырдан шашу шашты. Сахнада қазақтың дәстүрлі өнері дәріптеліп, халқымыздың мәдени мұрасы көрермен назарына ұсынылды.
Амал мерекесі – адамдардың бір-бірімен көрісіп, амандасып, ақ тілек айтып, ізгі ниетпен қауышатын ерекше күн.
Павлодарлықтардың бұл бастамасы халықтың бірлігін нығайтып, ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртуға үлкен үлес қосты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram