Павлодарлықтар инклюзивті спорт фестивалінде үздік нәтиже көрсетті
Бұл – спорттық рух пен бірліктің үлгісін танытты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Астанада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған «Тең мүмкіндіктер» республикалық инклюзивті спорт фестивалі өтті.
Павлодар облысының жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары фестивальдің бірнеше спорт түрлері бойынша қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Мысалы, «Бочча» спорттық дисциплинасынан Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББМ командасы бірінші орын, «Көңілді старттар» спорттық дисциплинасынан Павлодар қаласының Жетекші ЖОББМ командасы жүлделі орын алса, «Жеңіл атлетика» спорттық дисциплинасынан Павлодар ауданының Луганск ЖОББМ командасы бірінші орын иеленді.
Фестиваль қорытындысы бойынша Павлодар облысының командалары 5 жалпыкомандалық І орын, 4 жалпыкомандалық ІІ орын, 2 жалпыкомандалық ІІІ орын алды.
Павлодар облысының командалары инклюзивті спорттың үш түрі — «Бочча», «Көңілді старттар» және «Жеңіл атлетика» бойынша үздік нәтиже көрсетті.
Бұл жетістік — өңірдің білім беру ұйымдарында инклюзивті спорт пен оқушылардың үйлесімді дамуына бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі.