Павлодарда жүгіруден ашық чемпионат өтті

Павлодарда жүгіруден ашық чемпионат өтті

Чемпионатқа 100-ден аса тұрғын қатысты, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz тілшісі.

Спорттық бағдарлау бойынша жарыс облыс федерациясымен бірлесіп, Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырумен  «Зеленая роща» шаңғы базасында өтті. Қаланың ашық чемпионатына облыстың спорт клубтарынан 7-56 жас аралығындағы 100-ден астам адам қатысты. 

Төрешілер бригадасының құрамында экология және туризм орталығының қосымша білім беру педагогтары және «Вертикаль» клубының егде жастағы тәрбиеленушілері, түрлі деңгейдегі жарыстардың бірнеше дүркін чемпиондары болды.

Жарыс берілген бағытта жеке есепте жүргізілді. Қатысушылар білімдерін, дағдыларын, физикалық төзімділігін көрсете алды. Жарыс нәтижелері 10, 12, 14,16, 18 және 21 жастан асқан қатысушылар арасында қорытындыланды.

– Бұл жарыста  «Вертикаль 14», «Вертикаль», «Эдельвейс», «СЮТур» балалар-аула клубының, «Искра» клубтарының командалары өнер көрсетті. Жүлделі орындарды 25 қатысушы иеленді. Оның ішінде бірінші орынды – 9 қатысушы, екінші орынды – 8 қатысушы, үшінші орынды 8 қатысушы иеленді, - дейді «Вертикаль» және «Эдельвейс» туристік клубтарының жетекшісі Оксана Дьяченко.

Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында 14 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде 10 жастағы қатысушылар арасындағы жарыста  жеңімпаз атанған - Знайденко Дарья, 12 жастағылар ішінде бірінші орынды Кузина Лучезара, 14 жастағылар ішінде бірінші орынды – Губарь Алина, 16 жастағы қытысушылар ішінде бірінші орынды – Амина Климентьева және 18 жас аралығында бірінші орынды Радомир Кузин иеленді. 

Ұлдар арасында жүлделі орындарды 11 қатысушы иеленді. Оның ішінде 10 жас ерекшелігі арасында бірінші орынды Илья Марковский, 12 жастағылар арасында бірінші орынды Роман Воркунов, 14 жастағылар арасында бірінші орынды Омар Сафаров, 16 жастағылар арасында бірінші орынды Данил Барашин, Ересектер арасында бірінші орынды Оксана Дьяченко алды.