Павлодарлықтар көз жанарын сақтауға бағытталған мыңдаған ота МӘМС есебінен жүргізіледі

Павлодарлықтар көз жанарын сақтауға бағытталған мыңдаған ота МӘМС есебінен жүргізіледі
Фото: Павлодар облыстық Ғ.Сұлтанов атындағы ауруханасынан

Облыстық аурухананың офтальмологиялық орталығы заманауи емдеу әдістерін қолдануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық Ғ.Сұлтанов атындағы ауруханасы өңірдегі жетекші көпсалалы медициналық мекемелердің бірі ретіндегі өз позициясын нығайтуды жалғастыруда.

Аурухананың офтальмологиялық орталығы Еуропа мен АҚШ өндірушілерінің премиум санаттағы жабдықтарымен жарақтандырылған және көру мүшелерінің ауруларын диагностикалау мен хирургиялық емдеудің заманауи әдістерін белсенді түрде енгізуде. 

Жоғары технологиялық жабдықтардың арқасында мамандар глаукома мен кез келген күрделілік деңгейіндегі катаракта кезінде күрделі микрохирургиялық операцияларды сәтті жүргізеді. Әсіресе, макулярлық жыртылу мен торқабықтың ажырауы кезінде лазерлік коагуляциямен бірге витрэктомия, иридэктомия, торқабық коагуляциясы және лазерлік трабекулопластика, көздің ауыр патологияларын (глаукома мен торқабық дистрофиясын) емдеуге арналған заманауи әрі қауіпсіз амбулаториялық лазерлік процедуралар, сондай-ақ анти-VEGF препараттарын интравитреальды енгізу – ангиогенез ингибиторларын тікелей көздің шынытәрізді денесіне енгізу рәсімі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі азаматтарға медициналық көрсетілімдер бойынша консультациялық-диагностикалық көмекке, ем алуға және жоспарлы хирургиялық араласуларға қолжетімділік береді. МӘМС жүйесінің арқасында пациенттер мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті қосымша қаржылық шығынсыз алады, – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалындағылар.

Айта кетелік, ағымдағы жылдың алғашқы 5 айында Павлодар облыстық Ғ.Сұлтанов атындағы аурухананың офтальмологиялық орталығында МӘМС аясында 3143 операция сәтті жүргізілді, ал 2851 пациент консультациялық-диагностикалық көмек алды.