Павлодарлықтар картоптың жоғары бағасына шағымдана алады
Растауға бағаның фотосуреті мен чекті жіберуге болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мәліметінше, картоп бағасын тұрақтандыру үшін үш механизм қолданылуда. Оның бірі – меморандум аясында көкөніс өсіруші шаруашылықтардан үй жанындағы дүкендерге картоп жеткізуді жүзеге асыру. Бұл жағдайда картоптың келісі 120 теңге болуы керек. Екінші механизм – тұрақтандыру қорынан жеткізу, мұнда тұтынушылар үшін бағасы келісіне 104 теңге. Үшінші механизм – картопты «Рахмет» әмбебап сауда орталығына жеткізіп, кейін оны 150 теңгеге сату.
Егер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (соның ішінде картопқа) жоғары баға байқалса, растайтын құжаттармен (бағаның фотосуреті, чек және тағы басқасымен) бірге E-otinish жүйесі арқылы өтініш жіберуге немесе +7(705)106-10-40 WhatsApp нөміріне хабарласуға болады.
Мамандардың айтуынша, бағаны тұрақтандыру жұмысы бақылауда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram