Павлодарлықтар Наурыз мейрамына арналған бейнебайқауға қатыса алады

Жеңімпаздарға сыйлықтар берілмек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Наурыз мерекесінің ерекше атмосферасын қалыптастыру, қазақ дәстүрлерін жаңғырту және насихаттау, Қазақстан халқының бірлігі мен отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында отбасы ішінде Наурыз мейрамына дайындық және оны атап өту туралы бейнеролик түсіруге арналған «Әр отбасының Наурызы» атты қалалық байқау өткізіледі.
Байқау келесі критерийлер бойынша өткізіледі:
- Бейнеролик түсіруге отбасының кемінде үш буыны қатысуы қажет;
- Ұлттық тағамдарды дайындау процесінде аға және кіші буын өкілдерінің қатысуы;
- Ұлттық киімдер немесе олардың элементтерін пайдалану;
- Ұлттық салт-дәстүрлер мен отбасылық дәстүрлерді көрсету;
- Шығармашылық нөмірлер (вокал, аспаптық орындау, хореография және т.б.).
Қатысушылар өз бейнероликтерін Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшаларында жариялауы тиіс. Видео сипаттамасында келесі ақпарат болуы қажет: қатысушының толық аты-жөні (немесе команданың атауы), мектеп немесе балабақша нөмірі, байқау хэштегі: #Nauryzmeiramyotbasy, ұйымдастырушылардың ресми аккаунттарын белгілеу: @bilim_pavlodar, @sayasat_pavlodar.
Бейнероликтің ұзақтығы 3 минутқа дейін созылуы және 9:16 форматында (тік бейне) түсірілуі тиіс.
Олар 19 наурызға дейін қабылданады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 26 наурызда өтеді.
Жеңімпаздар құнды сыйлықтармен және грамоталармен марапатталады. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар беріледі.
Үздік бейнероликтерге арнайы номинациялар тағайындалады.