Павлодарлықтар пластилиннен мультфильмдер жасауды үйренді
Шеберлік сағаты «Өнер құдіреті» арт-фестивалінде өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Савка туралы аңыз» ресейлік-қазақстандық бірлескен жобасының тұсаукесерінен кейін пластелиннен мультфильмдер жасау барысы көрсетілді. Пластилиннен жасалған суретпен екі елдің кітапханалары жұмыс жасады.
– Сюжет Елена Ткачтың ертегісі бойынша құрылған. Бұл екі ғашық: жігіт Суфауан мен қыз Қазына туралы әңгіме. Шайтаннан қашқан бойжеткен көлге секіріп, үйрекке айналды, одан бөлек тұруға шыдамаған жігіт те үйрекке айналды, – дейді С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханасының өлкетану және цифрлық технологиялар бөлімінің меңгерушісі Марал Таженова.
Алғашында мультфильм орыс тілінде жасалды. Қазақ тіліне Жазушылар одағының мүшесі, павлодарлық ақын Айбек Оралхан аударды. Суретті педагогикалық колледж студенттері жасады. Мультфильмді жасауға үш ай уақыт кеткен.
Марал Тәженованың айтуынша, өнер фестивалі Қазақстан мен Ресей кітапханалары арасындағы трансшекаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған. Мамандар шығармашыл адамдар үшін әдеби кеңістік жасауды көздеген.
– Фестивальда ресейлік әріптестер мақтадан ойыншықтар жасау бойынша шеберлік сағатын өткізеді, ал балалар көркемсурет мектебінің мұғалімі Татьяна Ахмеджановамен иллюстрация жасауда қолданылатын линогравюра бойынша сабақ өткізеді, – дейді спикер.
Қазан айында павлодарлық кітапханашылар Қарасұққа өздерінің бағдарламасымен барады. Олар киіз басу бойынша шеберлік сабағын және қазақ және орыс жас ақындарының поэтикалық кездесуін өткізбек.