Павлодарлықтар сенбілік жәрмеңкеде сауда жасай алады
Жергілікті тауар өндірушілер қолжетімді бағамен ет, сүт өнімдері, көкөністер және бал ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
1 ақпан күні өтетін жәрмеңкеге Аққулы, Ертіс, Тереңкөл, Успен аудандары мен Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады.
Сатып алушылар үшін келесі өнімдер ұсынылады:
- сиыр еті – 1 келісі 1700-2300 теңге;
- жылқы еті – 2300-2500 теңге;
- қой еті – 1900-2100 теңге;
- шошқа еті – 1800-2000 теңге;
- 1-сұрыпты жұмыртқа (ондық) – 490 теңге;
- шикі сүт (1 литр) – 200 теңге;
- бал (1 келі) – 2000-2500 теңге;
- картоп – 110 теңге;
- сәбіз – 80 теңге;
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Торговая көшесі, 2А мекенжайында (Космонавтов пен Торговая көшелерінің қиылысында) өтеді.
Сенбі күндері мұндай жәрмеңкелер Екібастұз қаласындағы «Народный» базарында, Ақсу қаласындағы «Saryarqa» фермерлік базарында, сондай-ақ облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.