Павлодарлықтар жұмыс орнында жиі шылым шегеді

Павлодарлықтар жұмыс орнында жиі шылым шегеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Халықтың арасында темекіні пайдалану мен темекі түтінімен демалудың зияны туралы сауалнама жүргізілген, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметіне сүйенсек, респонденттердің 85,8% темекі өнімдерін пайдалану ауыр ауруларға әкеледі деп санайды, 73,9% кальян шегуді, 73% темекі түтінімен демалу зиян екенін айтқан.

2024 жылы Ұлттық статистика бюросының сауалнамасы бойынша Қазақстан азаматтарының 9,2% үйде темекі түтінімен демалуға мәжбүр болған, 8,5% – темекі шекпейтін адамдар. 

Респонденттердің 6,6% жұмыс орнында темекі түтінінің иісі болатынын айтқан, олардың 6,2% темекі шекпейді. Қоғамдық тамақтандыру орындарында азаматтардың 11,5% темекі түтінінің иісі болатынын растаған, олардың 10,9% темекі шекпейді.

Өңірлердің арасында Қызылорда (16,1%), Маңғыстау (15%) және Абай (14,4%) облыстарының тұрғындары шылым шегетіндердің  кесірінен жиі зардап шегеді. Ақтөбе (4,5%), Жетісу (4,8%) және Түркістан (4,9%) облыстарында керісінше шылым шегушілер саны аз тіркелген. 

Қызылорда (19,5%), Павлодар (9,9%) және Түркістан (9,1%) облыстарының тұрғындары жұмыс орындарында темекі  шегу жағдайларына жиі тап болады. Қостанай (1,5%), Атырау (2%) және Ақмола (2,7%) облыстарында мұндай жағдайлар керісінше  сирек кездеседі. 

Қоғамдық тамақтану орындарында Қызылорда облысының (22,5%), Шымкент қаласының (22,5%) және Маңғыстау облысының (19,8%) тұрғындары темекі түтінінің иісін жиі сезеді. Абай (0,3%), Шығыс Қазақстан (1,3%) және Ақмола (1,7%) облыстарында керісінше сирек кездестіруге болады. 

Жылдық динамикада Павлодар (21%) және Жетісу (20,5%) облыстарында, сондай-ақ Астанада (19,5%) темекі бағасы өскен.