Павлодарлықтар жерлес батырларының бюстерін қайта қалпына келтіруде

Павлодарлықтар жерлес батырларының бюстерін қайта қалпына келтіруде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл туралы қала басшысы өзінің «Instagram» парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жеңіс саябағындағы жұмыстарға кәсіби суретші, мүсінші мамандар жұмылдырылды.

– Аталған бюсттер қола түске боялуда. Мамандардың айтуынша, қазір пайдаланылып жатқан боюу технологиясы сыртқы факторларға төзімді болып келеді. Яғни, ескерткіш тақтайшалар эстетикалық әлпетін көпке дейін сақтайтын болады, – деді Хасар Хабылбеков.

Бұған дейін тұрғындар тарапынан Ұлы Отан соғысы батырларының бюстерінің түсіне байланысты көп сын айтылған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)