Павлодарлықтар жылуға қатысты қайда шағымдана алады?

Павлодарлықтар жылуға қатысты қайда шағымдана алады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жылыту маусымы басталғалы үйлердегі жылу мәселесіне қатысты 30 шағым түскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Бақытгүл Базылованың айтуынша, жылу беру маусымы басталғалы бері тұрғын үй инспекциясына жылу беру мәселесі бойынша 30 шағым түскен, оның 15-і бойынша ақаулар жойылды. 

Спикердің айтуынша, Павлодарда тұрғын үйлерде жылуға қатысты мәселе жоқ. Дегенмен, егер жылу параметрлерінің жетіспеушілігі анықталса, мамандар іске кіріседі. 

– Тұрғын үйлердегі жылыту мәселесінің барын бірінші кезекте қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсету ұйымдарына хабарлау керек. Екінші байланыс арнасы – әлеуметтік желілер. Әкімдікте желіні бақылайтын маман бар. Сондай-ақ «109» қызметіне хабарласуға болады, біз де олармен тығыз байланыстамыз. Барлық өтініштерді мобильді топтар өңдейді, –  деді Бақытгүл Базылова.

Қала әкімдігі мен «Павлодар жылу желілері» ЖШС өкілдерінің қатысуымен он мобильді топ үйлердегі жылумен қамтамасыз етуді бақылайды.

Сондай-ақ, басқару нысаны жоқ жүзден астам үйге «Павлодар жылу желілері» ЖШС сервистік ұйымы қызмет көрсете бастады. Ол үшін аталған ұйыммен келісімшарт жасалған.