Павлодарлықтарды алдағы күндері салқын түндер күтіп тұр

Павлодарлықтарды алдағы күндері салқын түндер күтіп тұр
Фото: Константин Шелков

Жел негізінен солтүстік бағыттан соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, 12 сәуірге қараған түні облыстың солтүстігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ күтіледі. Күндіз солтүстік аудандарда жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -3…+2 градус болса, күндіз +10…+15 градусқа дейін жылынады. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.

13 сәуірде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын және көктайғақ сақталады. Түнде ауа температурасы 0…+5 градус, күндіз +7…+12 градус шамасында болады. Жел бағыты солтүстік-батысқа ауысып, екпіні секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20 метрге жетуі мүмкін. Осындай жел аптаның соңына дейін сақталуы ықтимал.

14 сәуірде өңірде қайтадан жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ және тұман болжанады. Түнде -3…+2 градус, күндіз +5…+10 градус болады.

15 сәуірде жаңбыр жауады. Түнгі температура өзгеріссіз қалып, күндіз +7…+12 градусқа дейін көтеріледі.

16 сәуірге қараған түні қар аралас жаңбыр қайта жауады, көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың батысы мен солтүстігінде жауын-шашын күшейеді. Түнде ауа температурасы 0…-5 градусқа дейін төмендейді, ал облыстың шығысында +3 градус шамасында болады. Күндіз +2…+7 градус күтіледі.

17 сәуірде де ауа райы құбылмалы болады. Қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ пен тұман сақталады. Ауа температурасы алдыңғы күндегідей деңгейде болады.