Павлодарлықтарды мерейтойлық көрмеге шақырады
Барлығы 30-дан астам туынды ұсынылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде биыл мерейтойларын атап өтетін атақты суретшілердің таланты мен шығармашылығына арналған көрме ашылды.
Экспозицияда Всеволод Теляковский, Гүлфайруз Ысмайылова, Үкі Әжиев, Мәжит Бәйтенов, Александр Бибин, Регина Великанова, Павел Реченский, Елена Карасулова және басқа да шеберлердің 30-дан астам кескіндеме, графика және мүсін туындысы ұсынылған.
– Мұндай көрмелер өңіріміздің және Қазақстанның мәдени өміріндегі маңызды оқиға, бейнелеу өнерінде өз жолын енді ғана бастағандар үшін эстетикалық бағдар және шеберлік мектебі болып табылады, – дейді музейде.
Экспозиция көркем туындылардың жоғары кәсіби деңгейімен, тақырыптық, жанрлық және стилистикалық алуан түрлілігімен ерекшеленеді.