Павлодарлық эколог: Ауру ағаштарды кеспесе, басқасын бүлдіреді
Биылғы көктемде жаңадан сау көшеттер отырғызу жоспарланып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, 2023 жылдың күзінде сарапшы Татьяна Пономареваның жетекшілігімен «Берегиня БИО» ҚҚ экологтары қаладағы жасыл желектерге түгендеу жүргізілді. Нәтижесінде жойылуға жататын қураған ағаштар анықталды. Қазіргі таңда мердігер мекеме қураған ағаштарды жою бойынша жоспарлы жұмыстарды атқаруда.
– 20 жылдан астам ТҮКШ бөлімімен жұмыс істеймін. Жасылдандыру тақырыбын терең зерттегенімін, сондықтан бұл мәселені жақсы білемін. Өткір континенталды климаттың әсерінен бұл ағаштар әлсіз және түрлі ауруларға бейім, – деді Татьяна Пономарева.
Эколог облыс және қала тұрғындарын сабырға шақырды. Оның айтуынша, түгендеу барысында барлық ауру және құрғақ ағаштар тексеріліп, санақ жүргізілген және мамандар кесілуі тиіс әр ағашқа белгі қойған.
Қазіргі таңда ТҮКШ мамандары құрғақ ағаштарды кесуге кіріскен. Тізім бойынша кесілуі тиіс ағаштар ТҮШК-мен келісілген және тексерілген.
Сондықтан 1700-ден астам ағашты қыстың күні кесу керек. Себебі, бұл ағаштар ауруға шалдыққан, қаланың көркін бұзып тұрады және басқаларын бүлдіреді.