Павлодарлық экологтар қардың ластануын тексерді
Мамандар қаланың бірнеше аудандарына ауа сапасын бақылауға шыққан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Тұрғындар әлеуметтік желіде Екінші Павлодар, Химгородок шағын аудандарында қардың ластануына шағымданған болатын. Павлодар облысы бойынша экология департаментінің мамандары жоғарыда аталған шағын аудандардағы атмосфералық ауаның сапасын бақылау мақсатында өлшегіш құралдармен жабдтықталған жылжымалы зертханамен шыққан.
Атмосфералық ауаны өлшеу екі нүктеде шаң (қалыпты заттар), көмірқышқыл газы (СО), азот диоксиді (NO2), азот оксиді (NO2), күкірт диоксиді (SO2), күкіртті сутегі (H2S) деңгейінде жүргізілді. Өлшеу нәтижелері бойынша аталмыш заттардың артық мөлшері тіркелмегені анықталды.