Павлодарлық эпидемиологтар АИТВ-мен ұзақ өмір сүрудің жолдарын атады

Міндеттемені сақтамау денсаулықтың айтарлықтай нашарлауына алып келуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандарының айтуынша, емге деген міндеттеме мыналарды қамтиды:
- антиретровирустық терапияны (АРТ) дәрігер белгілеген схема мен дозада тұрақты қабылдау;
- дәрігерге жоспарлы түрде барып, тексерулерден өту;
- маманмен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнату;
- салауатты өмір салтын ұстану және дұрыс тамақтану.
– Емдеу тәртібін сақтау – АИТВ жұқтырған науқастың өмір сүру ұзақтығы мен сапасына тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Бұл – вирустың қандағы деңгейін төмендетіп, иммундық жүйенің қалпына келуіне мүмкіндік береді, – деді облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығында.
Мамандар АИТВ инфекциясын ерте анықтау – сәтті әрі нәтижелі емдеудің негізгі кепілі екенін еске салады. Уақытылы тестілеу, дәрігер кеңесін тыңдау және өз денсаулығына ұқыптылық АИТВ диагнозымен де толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді.
Серіктестік материал