Павлодарлық футболшылар жанкүйерлерін қуантты
«Ертіс» Қазақстан Кубогінің топтық кезеңін еңсеруге жақын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Кубогінің топтық кезеңінің екінші кездесуінде павлодарлықтар «Оқжетпеспен» ойнады. Бастапқы құрамда Баязит, Төлеуов, Баркунов, Крюков, Воменко, Попов, Күлжанов, Ысқақов, Әбдуәлиев, Байжанов, Есімов алаңағ шықты.
«Ертіс» Руслан Есімовтің жалғыз голының арқасында 1:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Сергей Якушин шәкірттері «А» тобында алты ұпай жинап, көш бастады. Егер «AKAS» «Хан Тәңіріні» ұта алмайтын болса, павлодарлықтар топтық турнир аяқталғанға дейін әрі қарай өтуге жолдама алады.
Естеріңізде болса, топ жеңімпаздары өзара плей-офф кезеңіде 1/8 финалға шығатын үш жолдама үшін тартысады. Осы сыннан сүрінбеген жағдайда «Ертіс» петропавлдық «Қызылжарға» қарсылас атанады.
Плей-офф матчтары 21-23 наурызда, 1/8 финал – 13-14 сәуірде, ал Кубок финалы 23 қыркүйекте өтеді.
Айта кетейік, «Екібастұз» «С» тобындағы екінші кездесуде жеңіске жетті. Кеншілер 1:0 есебімен «Түркістанды» тізе бүктірді. Гол авторы Анатолий Красотин.