Павлодарлық кәсіпкер миллиондық шартты бұзғаны үшін жазаланды
Ол тиісті міндеттемелерін орындамаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, «П» шаруашылықты жүргізу құқығы мемлекеттік коммуналдық мекемесі «Ж» жеке кәсіпкерлігін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұрады.
– Талап қоюшы мен жауапкер арасында қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды. Оған сәйкес жауапкер 2024 жыл ішінде 2 980 000 теңге сомаға шарт бойынша бағдарламалық өнімге қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетуге міндеттенді. Сот отырысында жауапкердің міндеттемелерді орындалмағаны анықталды. Қызмет көрсетілмеді. Шарт бұзылды. Бұл жайларды жауапкер дауламады, – делінген хабарламада.
Сот жеке кәсіпкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танып, мемлекеттік баж өндіріп алды. Жауапкер бұл сот шешіміне шағым түсірді. Алайда сот алқасының қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылды.
Сот шешімі заңды күшіне енді.