Павлодарлық музыкант келер жаздың хитін шығарды
Жаңа ән онлайн-платформаларда жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Dose деген лақап атпен белгілі павлодарлық рэпер, саунд-продюсер және битмейкер Айдос Жұмалинов «Вокруг света» атты трек шығарды. Жеңіл, биге шақыратын композиция тыңдарманға жазғы көңіл-күй сыйлайды. Павлодарлық музыканттың жанкүйерлері бұл ән биылғы жаздың бас хитіне айналады деген сенімде.
Былтыр музыкант 30 жасқа келді. Dose «Солнце золотое», «Сдаюсь», «В плену», «Пташка», «Ветер», «Ликерная ванна», «Танцевала» секілді танымал әндерінің авторы.
Музыкант 1993 жылы 28 маусымда Павлодарда дүниеге келді. Заңгер дипломына ие ол кейін ғұмырын музыкаға арнады. Скриптонитпен танысқаннан кейін Айдос Жұмалинов біраз уақыт атышулы рэпердің концерттік продюсері қызметін атқарды.
Кейіннен Dose деген лақап атпен жеке мансабын бастады. Соңғы шығармасы «Где ты» деген атпен жыл басында шықты.