Павлодарлық оқушылар демалыс лагерінде дәрілік шөптерді ажыратуды үйренеді

Павлодарлық оқушылар демалыс лагерінде дәрілік шөптерді ажыратуды үйренеді
Фото: scienews.weaponews.com

Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығындағы «Школа выживания» демалыс күні лагері өз жұмысын 24 маусымда бастайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Орталықтағы бұқаралық бөлім меңгерушісі Қымбат Баймағамбетованың айтуынша, мұнда мектеп жасындағы балалар демалыс күндері және өтініш бойынша ғана келеді. 

– Балалар тағамдарын өздерімен бірге алып келеді. Шамамен жиырма шақты оқушы болады. Лагерь жұмысын осы сенбіде бастайды. Әзірге өтініш түскен жоқ, – дейді Қымбат Баймағамбетова.

Жас өрендер квест ойындарында дәрілік, улы шөптер мен өсімдіктерді, жеміс-жидектерді ажыратуды үйренеді. Сонымен қатар саяхатқа шыққан кезде өзімен қандай заттар алып шығу керек, қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат алады, биікке өрмелеп шығуды меңгереді.   

Лагерь жұмысына Павлодар қаласы жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, ата-аналар  қатысады. Бағдарламаға «Экскурсиялық серуен» аясында жылыжай бойынша «Таңғажайып ауламызда!», «Жас эколог» музейі бойынша «Жер планетасының таңғажайып әлемі» тақырыбында шолу экскурсиялары, скаладромда  «Табыс шыңдарына» шеберлік-сыныбы, quest «TERRITORY – ЭКО» енгізілген.

Лагерь отбасылық тәрбие жүйесін нығайтуға жағдай жасайды және әрбір қатысушыға өз қабілеттерін дамытуға, белсенді, жауапты болуға  мүмкіндік береді.