Павлодарлық оқушылар республикалық математикалық олимпиадада топ жарды

«Бастау» білім додасы республикалық физика-математика мектебі негізінде 2-4 сынып оқушыларына арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Алматы қаласында өткен олимпиаданың мақсаты – бастауыш мектеп жасындағы балаларды дамыту және қолдау, олардың математика бойынша білімдерін тереңдету және кеңейту.
Олимпиаданың республикалық кезеңіне Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы, Павлодар және Шымкент қалаларынан 46 командадан тұратын 2-4 сыныптардың 138 оқушысы қатысты. Павлодар облысы атынан республикалық олимпиадаға Павлодар қаласының алты оқушысы қатысты: №7, 25, 39, Мәшһүр Жүсіп атындағы жалпы білім беретін мектептің төрт оқушысы және «Детвора» білім беру кешенінің екі оқушысы қатысты.
Олимпиаданың республикалық кезеңі командалық жарыс түрінде үш кезең бойынша өткізілді: «Әу, баста!» (командалық сынақ); «Көкпар» (командалық сынақ); «Математикалық бәйге» (ауызша жеке сынақ).
– Олимпиаданың тапсырмалары математикалық логикаға негізделген, дұрыс пайымдауды, дұрыс қорытынды жасауды үйретеді, – деді «Павлодар дарыны» балалар дарындылығын дамыту және жұмыспен қамту орталығында. – Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Павлодар қаласының командасы Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің бірінші дәрежелі дипломымен марапатталды.
Жеке есепте үшінші дәрежелі дипломдарға №39 мектептің 3-сынып оқушысы Али Кахан Хабылбеков және «Детвора» білім беру кешенінің 2-сынып оқушысы Артем Путиков, 4-сынып оқушысы Әбілхайыр Мұхамедияров ие болды.
Олимпиададағы ерекше жетістіктері үшін мақтау қағазымен №25 мектептің 3-сынып оқушысы Мерғалым Шайман марапатталды.
Қатысушылар үшін түрлі қызықты бағдарламалар ұйымдастырылды: хайуанаттар бағына экскурсия, ойын-сауық викторинасы және «Өз- өзіңе сен» психологиялық тренингі.