Павлодарлық оқушылар робот-экскурсовод құрастырды
Робот есту қабілеті нашар адамдарға экскурсия жасауға арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шапық Шөкин атындағы гимназия-мектебінің 4, 5, 8-сыныптардың алты оқушысынан құрылған Арина Острейко, Мирон Ткачев, Артемий Камкин, Амангелді Уәлі, Глеб Марчуков, Иван Демидов сурдоаударманың кіріктірілген жүйесі бар робот-экскурсовод ойлап тапты.
– Робот блютузға қосылған Лего EV3 жиынтығымен жасалған, бұл біздің идеямызды жүзеге асыруға көмектесті. Егер робот пен планшеттің байланысы туралы айтатын болсақ, бізге «Skethware» бағдарламасын үйренуге тура келді. Бұл бағдарламамен роботтың сигналын түсінетін және планшетке сурдоаударманы автоматты түрде іске қосатын өз қосымшамызды жасадық, – дейді Арина.
Жоба мұражай басшыларына таныстырылды. Жас инноваторлардың бірі мұражайға ұжыммен бірге барған кезде жаңа технологиялардың көмегімен ұжымда нашар еститін адамдар үшін мұражайда қолайлы жағдай жасау туралы ой пайда болған.
– Біз ыммен түсіндіру тілін өзіміз үйрендік, өйткені интернет желісінде ыммен түсіндіру тіліндегі экспонаттар туралы ақпарат болмады, – дейді Арина.
Авторлар Астана қаласында Орталық Азияның бірінші чемпионатында өз жұмыстарын ұсынды.