Павлодарлық оқушылар ғылыми байқауға қатыса алады
Қатысушылар ретінде 3-11-сынып оқушылары шақырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
5 ақпан күні оқушылар арасында «Жас ғалым – 2025» халықаралық ғылыми жобалар байқауы өтеді. Бұл іс-шара білім беру мен ғылымды дамытудағы инновациялық шешімдерді іздейтін жас дарындарға арналған платформа болмақ.
– Байқау Zoom платформасы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылады. Қатысушылар ретінде 3-11 сынып оқушылары шақырылады, ал жұмыс қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Байқаудың мақсаты – оқушылардың ғылыми ізденістерін қолдап, шығармашылық қабілеттерін дамыту және оларды халықаралық ғылыми қауымдастыққа интеграциялау, – дейді ұйымдастырушылар.
Барлық қатысушыларға сертификаттар мен дипломдар табысталады. Сонымен қатар, жетекшілер алғыс хаттарға ие болады. Жеңімпаздардың ғылыми жобалары халықаралық www.eurasia-science.org порталында жарияланады.
Қатысу үшін арнайы тіркеу формасын толтырып, ұйымдастырушыларға жіберу қажет. Қосымша ақпаратты +7(771)839-30-77 және +7(705)214-11-66 телефон нөмірлері арқылы алуға болады.