Павлодарлық педагогтер үздік атанды

Павлодарлық педагогтер үздік атанды
Фото: Білім беру бөлімінің инстаграм парақшасы

Аймақтың екі мүғалімі республикалық байқауда топ жарып, білім беру ұйымының «Үздік педагог-2024» атағын жеңіп алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Білім беру бөлімінің мәліметінше, Республика күні қарсаңында Астанада «Үздік педагог-2024» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

«Үздік педагог-2024» байқауына еліміз бойынша 1750 мұғалім қатысты. Аудандық және облыстық кезеңдерде жоғары балл жинаған 194 ұстаз республикалық кезеңге жолдама алған. Астана төрінде ведомство басшысы Ғани Бейсембаев үздік атанған мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 64 педагогті марапаттады. 

Сонай-ақ, Павлодар қаласы Дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Мария Валова мен Инновациялық Еуразия университетінің жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Елена Юминова өз ісінің үздігі болып танылды. 

Айта кетейік, жеңімпаздар «Үздік педагог» куәлігін алып, төсбелгісін тақты.