Павлодарлық психолог баланың оқу ырғағына күйзеліссіз қалай енуге болатынын түсіндірді

Павлодарлық психолог баланың оқу ырғағына күйзеліссіз қалай енуге болатынын түсіндірді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл үшін қандай лайфхактар бар екенін @Pavlodarnews.kz тілшісі анықтады.

2 қыркүйекте қазақстандықтар үшін оқу жылы басталды. Мерекеден кейін оқушыларға оқу үдерісіне енуі оңай емес. Егер ата-аналар үшін қыркүйектің басы – әдеттегі мектеп тәртібіне қайта оралу болса, онда балалар үшін бұл ауыр стресс болуы мүмкін. Павлодарлық мамандар қазіргі ұрпақ балаларының бойындағы оқу басталғалы күйзеліс құбылысын түсіндіруге тырысып, біраз кеңестер берді.

Халықаралық психология және даму орталығының жетекшісі Марина Фисунның айтуынша, қазіргі балалардың сезімталдығы жоғары.

– Біріншіден, альфа буынының психологиялық ерекшеліктері бар. Олар өз ата-аналарына қарағанда сезімтал, эмпатикалық және дамудың эмоционалдық деңгейі X, Y ұрпақтарына қарағанда басқаша. Олар өздерінің эмоцияларын, күйзелістер мен және депрессия туралы ашық айтады, өздеріне назар аударуды талап етеді – олар осындай икемдерімен туылған. Сондықтан біз оларды түсінуге тырысуымыз керек, – деді Марина Фисун.

Бірақ дәрігерлер басқаша ойлайды: қазіргі жасөспірімдердің басты мәселесі – балалардың оқуға бейімделуіне кедергі болатын, ашушаңдық пен стрессті тудыратын гаджеттер. Дәрігерлер бұрынғы оқу режиміне тез оралу үшін телефондар мен компьютерлерді пайдалануды азайтуға кеңес береді.

– Медициналық тұрғыдан, бейімделудің негізі – биологиялық ырғақ. Жазда балалардың тәуліктік ырғағы, яғни ұйқысы мен сергектігі бұзылады. Ал мектеп ырғағына тез көшу балада ашушаңдықты, шаршауды немесе зейіннің төмендеуін тудырады. Мәселе мынада – балалар қазір гаджеттерде отыруды ұнатады. Ұйықтар алдында екі-үш сағат бұрын телефондарды алып тастау керек – бұл мелатонин деңгейін төмендетуге көмектеседі, ал мелатонин – ұйқы гормоны, – деп кеңес берді мектеп медицинасының үйлестірушісі Айжан Балтажан.

Мектепке дайындықты тамыз айында, яғни 2-3 апта бұрын бастаған жөн. Бірақ кейбіреулер демалыс күндерін күнделікті тәртіпті қалпына келтірумен өткізгісі келмейді. Сондықтан мұғалімдердің өз лайфхактары бар.

– Балаңызды әдеттегіден 15-20 минут ерте оятуға тырысыңыз. Бұл оларға қажет тәртіпке тезірек енуге көмектеседі. Сондай-ақ ата-аналар үшін өте пайдалы болатын чек-лист пайдалануға болады. Күннің соңында балаңызбен бірге отырып, келесі күнге не қажет екенін парақшаға толтырыңыз, – деп атап өтті облыстық психологиялық қолдау орталығының психологиялық бөлімінің меңгерушісі Наталья Базалик.

Сондай-ақ жаттығуларды елеусіз қалдырмаңыз - бұл мектеп күнін көңілді және жағымды бастауға көмектеседі, дейді сарапшылар.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Павлодар облысында 117 мың оқушы мектепке барды, олардың ішінде 10,5 мың – бірінші сынып оқушылары.