Павлодарлықтар полиция мұражайын үйден шықпай-ақ көре алады
Мұражай қорында 1700 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі полицияның құрылу тарихын сақтайтын экспозициялар сақталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі тарих және жауынгерлік даңқ мұражайының онлайн-экскурсиясын көруге шақырады.
– Бұл – инновациялық жоба әрқайсыңызға үйден шықпай-ақ, ішкі істер органдарының қалыптасуы мен дамуы туралы көбірек білуге мүмкіндік береді, – деді облыстық полиция департаменті музейінің инспекторы Әдия Байтақова.
Онлайн экскурсия сайты аймақ полициясының қызметін қалыптастырған маңызды сәттер мен оқиғалар, ішкі істер органдары қызметкерлерінің батылдығы мен адалдығы туралы баяндайтын бірегей экспонаттарды, құжаттар мен фотосуреттерді қамтиды. Виртуалды мұражайды көру арқылы ерлікке толы тарихқа шолу жасауға болады.
Облыстық полиция департаментінің мұражайында 1700 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар полициясының құрылу тарихын сақтайтын экспозициялар бар. Атап айқанда, құжаттар, нысанды киім-кешек, техника, фотосуреттер жинағы, тарихи маңызы бар хаттар сияқты құнды, бірегей жәдігерлер сақтаулы тұр. Мұражай сайтына келесі сілтеме арқылы өтуге болады: https://mikroklimat.kz/ru/museum.html.