Павлодарлық студенттер ЖЭО жұмысымен танысты
Болашақ жылу энергетиктеріне технологиялық процестер мен станция жабдықтарын пайдалану ерекшеліктерін айтып берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-на қарасты 3-ЖЭО-да Торайғыров университетінің бірінші курс студенттеріне арналған таныстыру экскурсиясы өтті.
Студенттер негізгі өндірістік цехтардан бастап заманауи басқару жүйелеріне дейінгі жұмыс барысын іштей бақылады. Кәсіпорын мамандары жылу және электр энергиясының өндірілу жолдарын көрсетіп, Павлодар өңірі үшін нысанның стратегиялық маңызын түсіндірді.
Болашақ мамандарды станциядағы автоматтандыру деңгейі таң қалдырды.
֪– Өте қызықты кәсіпорын. Әсіресе автоматтандыру деңгейі таң қалдырды: ХХІ ғасырда барлық басқару элементтері мониторларға шығарылған. Мен болашақта өзімді энергетик ретінде елестетемін, – деп әсерімен бөлісті 1-курс студенті Владимир Домрачев.
Мұндай шаралар теориялық білімді нақты өндіріс жағдайымен байланыстыруға көмектеседі. Студенттер тек жабдықтардың ауқымына ғана емес, болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне де баса назар аударды.
– Барлығын тәжірибеде өз көзіңмен көру дәрістерді тыңдаудан гөрі әлдеқайда танымды. Мен мұнда жұмысқа орналасар едім, – деп атап өтті бірінші курс студенті Диана Концевая.
ЖОО мен «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ арасындағы ынтымақтастық өңірдің кадрлық резервін қалыптастыруға және студенттерге алғашқы курстан бастап кәсіби бағдар беруге септігін тигізеді.