Павлодарлық студенттерге сайлау заңнамасындағы өзгерістер туралы түсіндірілді

Павлодарлық студенттерге сайлау заңнамасындағы өзгерістер туралы түсіндірілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқушыларға сайлау мен референдумға бөлінген қаржының қайда кетіп жатқаны айтылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Торайғыров атындағы университетте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров павлодарлық жастармен кездесу өткізіп, оларды еліміздің саяси жаңғыруы мәселелерінен хабардар етті. 

2022 жылдан бастап сайлау жүйесін өзгерткен реформа енгізілді. Сайлау заңнамасындағы тоғыз жаңалықты негізге ала отырып, Орталық сайлау комиссиясы мүшелері үшін азаматтық, әділеттілік, демократия және сенім сияқты құндылықтар алдыңғы қатарға шыққанын түсінуге болады. 

Нұрлан Әбдіров хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы туралы заң жетілдірілді. 2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті жеті жыл мерзімге сайланады және бір адам бір реттен артық сайлана алмайды. 

Мажоритарлық сайлау жүйесін қайтару, жастар, әйелдер мен мүгедектер үшін отыз пайыздық квотаны енгізу, қала, аудан әкімдерін тікелей сайлауымен қатар, аумақтық сайлау комиссиясы кәсібилендірілуде. 

– 2019 жылғы реформаға дейін елімізде жергілікті сайлауды ұйымдастыратын кәсіби жұмыс істейтін комиссия мүшелері болған жоқ. Реформалардан кейін облыстық сайлау комиссиясының жеті адамы толығымен тұрақты кәсіби негізде жұмыс істейді. Қалалық және аудандық деңгейде жеті адамның үшеуі ғана тұрақты жұмыс істейді, бұл - төраға, төрағаның орынбасары және хатшы. Сайлау аралығында комиссия мүшелері үздіксіз оқудан өтіп, емтихан тапсырып жүреді, – деп қосты ОСК төрағасы.

Енді сайлау қорларына ерікті қайырымдылықтарға да шектер қойылды. Ал референдум мен басқа да науқандарға жұмсалатын бюджеттің 75 пайызы – комиссия мүшелеріне жалақы ретінде бөлінеді. 

Ең бастысы, сайлау комиссиясы атқарушы билікпен жұмыс істемейді. Әкімшілік сайлау учаскелерін материалдық-техникалық базамен ғана қамтамасыз ету қажет, ал комиссия мүшелерінің жұмысына еш кедергі жасамауы керек.

Нұрлан Әбдіровтің тұрғындармен келесі кездесуі аудан әкімі мен аудан орталығын тұрғындардың өзі сайлаған Шарбақты ауданында болмақ.

Автордың фотосуреті