Павлодар облысының аудандарындағы спорттың даму мәселесі көтерілді

Павлодар облысының аудандарындағы спорттың даму мәселесі  көтерілді
Фото: Константин Шелков

Аудандардағы спорттың деңгейі орта деңгейге де жетпейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс бойынша ең жоғары спорттық деңгей Павлодар қаласы мен Ақтоғайға тиесілі. Бұл жайлы Павлодар облысы әкімдігінің аппараттық жиналысында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Даур Ерғабұлов мәлім етті.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жиналыс барысында көрсеткіштерге сәйкес Павлодар қаласы мен Ақтоғай ауданынан басқа аудандар мен қалалардың спорттық деңгейінің төмен екенін атап өтті.

– Облыста 13 аудандар мен қалалардың ішінде 11-де спорттық деңгей орташа көрсеткішке де жетпейді. Осыған орай осы аудандар мен қалалардың әкімдеріне бұл мәселені бақылауға алып, спорттық көрсеткіштерді көтеруді тапсырамын, – дейді Асайын Байханов.

Сонымен қатар, облыс әкімі ақпараттық жұмыстарды қолға алуды бұйырды. Ол спорттық орталықтарды тұрғындарға әсіресе жастарға қолжетімді қылуды тапсырды.