Павлодарлықтар өз жанкүйерлерінің жүйкесін тоздырды

«Ертіс» футболшылары өз алаңында Алматының «AKAS» командасын қабылдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарлықтардың бас бапкері Қайрат Нұрдәулетовтың сөзіне қарамастан, «Ертіс» бірте-бірте Жозе Моуриньо кезіндегі «Челсиге» айналып барады: команда тек нәтиже үшін ойнайтын антифутбол танытуда. Нәтиже жағы бұл жолы сәтті шықты.
Бірінші лиганың ортаңқол командасы «AKAS» ұжымына қарсы ойында павлодарлықтар үш орталық қорғаушымен шықты, бірақ көп ұзамай жаттықтырушылар бұл тактиканың бекер екенін түсінді – қосымша қорғаушының орнына Тамерлан Ағыманов алаңға шықты. Жұртшылық көптен бері жергілікті таланттың ойынын көргісі келді.
«Ертістің» ойыны әдеттегідей бірінші таймның соңына қарай ғана қарқынын арттырды. Гол қайнап жатқандай болды, бірақ ол екінші таймның ортасына қарай ғана «пісіп» жетілді.
Вячеслав Раскатовтың алыстан соққан добы алматылық қорғаушыға тиіп, матчтағы жалғыз голдың авторы атанған Рауан Орынбасарға келді. Бұл жолы «Ертіс» жеңісті өте үлкен күшпен жұлып алды, бірақ ойын сапасы көпшіліктің көңілінен шықпағаны анық.
Наурыздың 15-і күні «Ертіс» еліміздің қиыр оңтүстігіне аттанып, «Жетісаймен» ойнайды.