Павлодарлық жас химик республикалық олимпиадада қолаға қол жеткізді
Байқауға еліміздің 75 үздік химигі қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жезқазған қаласында Қ.Сәтбаев атындағы химия пәнінен 9-сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада өтті. Жас дарындар бірнеше күн бойы берілген тапсырмаларды шешіп, тәжірибе жасап, белгісіз заттардың құрамын анықтауға тырысты. Сондай-ақ қатысушылар экскурсия кезінде Ұлытау облысының бүгіні мен және оның тарихымен танысты.
Осы байқауға облыс атынан қатысқан дарынды балаларға арналған көпсалалы лицей-интернатының оқушысы Владислав Осипов қола медаль иегері атанды.
Оқушының айтуынша, әр олимпиададан ерекше әсер алып, бағалы тәжірибе жинайды.
- Мен үшін олимпиада - бұл тәртіпті, еңбекқорлықты және үлкен дайындықты қажет ететін спорт түрі. Жасөспірімдер олимпиадасындағы, сондай-ақ өңірлік Сәтбаев олимпиадасындағы жетістіктерден кейін мен одан әрі даму үшін үлкен күш алдым. Бұл маған осы жолы лайықты өнер көрсетуге көмектесті. Сонымен қатар, мен өз ісімнен ләззат аламын. Олимпиадаға қатысушылар арасында ерекше атмосфера болды. Біз бір – біріміз үшін уайымдап, әркімнің жеңісіне қуандық, - деді оқушы.
Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, мұндай олимпиадалардың басты ерекшелігі математикалық модельдер, формулалар мен теңдеулер бойынша теориялық білімдер мен дағдылардағы жарыстар ғана емес, дағдыларды тәжірибеде қолдана білуінде.