Павлодарлық іздеу жасағы жас суретшілерді марапаттайды
Суреттер байқауы Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Майдан жолы» іздеу жасағы Павлодар балалар көркемсурет мектебімен бірлесіп, қалалық шығармашылық суреттер байқауының қорытындысын шығарады.
– Соңғы жылдары жастар үшін Жеңіс күні көбінесе тағы бір демалыс күніне айналуда. Ұйымдастырушы ретінде біздің міндетіміз – өскелең, ұлы халықтың ұрпақтарын, жеңімпаз және азат етуші екенін есте сақтайтындай рухта тәрбиелеу, – дейді іздеушілер отрядының жетекшісі Александр Шитов.
Патриоттық сурет байқауының жеңімпаздары 2 мамырда сағат 11:00-де Академик Бектұров көшесі, 12 мекенжайындағы өнер мектебінде марапатталады. Сол күні оқу орнының басшылығы мен іздеушілер жасағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды.