Сақтансаң – сақтайды: Павлодарда кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ескертілді

Сақтансаң – сақтайды: Павлодарда кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ескертілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

ТЖД қызметкерлері өңірдің кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өрттің алдын алу және қауіпсіздік нормаларын сақтау мәселелері жиынның басты тақырыбына айналды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өткен жылы бақылаудағы объектілерде 32 өрт тіркелген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 45,4%-ға көп. Орын алған өрттердің көпшілігі сауда саласында тіркеліп, барлық жағдайлардың 50%-ын құрады.

Негізгі себептер – электр жабдықтарын орнату және пайдалану ережелерін бұзу, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі нормаларының сақталмауы.

Сонымен қатар мамандар кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік өрт бақылау тетіктері туралы ақпарат берді.

Аталмыш кездесулер алдағы уақытта да өткізілетін болады, өйткені тек бірлескен күш-жігер арқасында келтірілген залалды азайтып, өрттердің санын азайтуға көмектеседі.