Павлодарлықтар бір апта бойы ыстық сусыз қалады

Павлодарлықтар бір апта бойы ыстық сусыз қалады

Қаланың жылу желілерінде гидравликалық сынақтар басталады,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Павлодарэнерго» АҚ-ның мәлімдеуінше,  31 шілде мен 11 тамыз аралығында Павлодардағы жылу желілерінде гидравликалық сынақтар өтеді.

– Оңтүстік желілік ауданда гидравликалық сынақтарға, сондай-ақ 1-ЖЭО-да жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты 29 қараша – Естай – Абай – Кривенко – Малайсары батыр – Қамзин көшелерінің шекараларында және Усолка, Зеленстрой, Екінші Павлодар, Шығыс, Саяжай, Достық, Сарыарқа шағын аудандарында 31 шілде мен 25 тамыз аралығында ыстық су болмайды , – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Солтүстік желілік ауданда 7-11 тамыз аралығында Қамзин – Малайсары батыр – Естай – Қ.Нұркин - Ак. Марғұлан – Астана – Набережная – Химқалашық – Олжабай батыр – Торайғыров – С.Нұрмағамбетов көшелерінің шекараларында және Лесозавод кенті, Солтүстік өнеркәсіп аймағында ыстық су болмайды

Тұрғын үйлерді ыстық суға қосу уақыты желіде анықталған ақаулардың санына байланысты болады. Ақауларды жою кестесі гидравликалық сынақтардан кейін жарияланады.

Кәсіпорын аталған кезеңде жылу желілері орналасқан жерлерден өтер кезде абай болуды сұрайды. 

Барлық анықталған ескертулер мен ереже бұзушылықтар бойынша тел. 57-07-51 («ПЖЖ» ЖШС диспетчерлік қызметі); тел. 63-01-13 (жұмыс аймағы) нөмірлеріне хабарласуға болады.

Еске сала кетейік, жылу беру маусымында тұтынушыларды сапалы жылу энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында 5 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында «Павлодар жылу желілері» ЖШС жылу желілері мен жабдықтарын күрделі жөндеуді жоспарлауда. Осыған байланысты 47 көпқабатты тұрғын үйде және 13 әлеуметтік нысанда ыстық су болмайды.

Фото: Константин Шелков