Павлодарлықтар бірлік тілінде ән шырқайды

Павлодарлықтар бірлік тілінде ән шырқайды
Фото: Константин Шелков

Әртүрлі ұлт өкілдерінен жиылған әуесқой өнерпаздар қазақтың танымал әндерін шырқайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Шаңырақ» концерт залында «Қоғамдық келісім» бастамасымен «Өнеріміз саған – Қазақстан» фестивалі өтеді. Мекеме басшысы Нұрия Көбенованың айтуынша, бұл шара ұлтаралық келісімді арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар, концерттің басқа да мақсаттары бар.

– Біз әртүрлі этномәдени бірлестіктердің шығармашылық топтарын біріктіргіміз келеді – ансамбльдер аралас құрамда болады, яғни, орыс, украин және тәжік қазақ эстрадасының танымал әндерін корей, молдаван немесе шешенмен қатарласып шырқайды. Мұндай форматтағы шара бұрын-соңды болмаған, – дейді Нұрия Көбенова.

Сондай-ақ, фестиваль арқылы ұйымдастырушылар аймақтық ЭМБ жұмысына көбірек адамдарды тартып, тұрғындардың назарын «Достық үйіндегі» бар мүмкіндіктерге аударғысы келеді.

Қазақ композиторларының әндерін мемлекеттік тілде орындайтын түрлі этномәдени бірлестік өкілдерінің басын қосатын құрама вокалдық топтардың өнері ерекше болмақ.

Фестиваль 8 желтоқсан күні сағат 14.00-де Торайғырова, 47 мекенжайындағы «Шаңырақ» концерт залында өтеді. Кіру тегін.

Сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ хореографиялық ұжымдарының «Достық бимен мәңгілік» атты концертіне де кіру тегін болады. Концерттік бағдарлама хореографиялық қойылымдардан, жанды әуеннен, айшықты сахналық киімдерден тұрады. Соның арқасында көрермендер халық биі әлеміне енбек.

10 желтоқсан күні сағат 17.00-де Назарбаев, 1 (бұрынғы «Шаңырақ») мекенжайы бойынша облыстық филармонияның концерттік залында өтеді.