Павлодарлықтар компьютерлік томографиядан тегін өте алады

Ол үшін сақтандырылған болу керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Пациенттердің медициналық көрсеткіштері болса және олардың емханасы бірлесіп орындау шартын жасаса, «Almaz Medical Group» ЖШС-не компьютерлік томографияға жібері мүмкін.
Бұл туралы МӘМС Павлодар облысы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Алмагүл Мұхатаева мәлім етті.
– Пациенттер үшін қызмет көрсеті құны маңызды емес, егер олардың сақтандыру мәртебесі болса, тексеру тегін болады. Ал емхананың өзара есеп айырысуы өз бетінше жүргізіледі, – дейді Алмагүл Мұхатаева.
Рентгенолог-оператор Дана Расулова компьютерлік томографияның мәні рентген сәулесінің көмегімен қысқа уақыт ішінде қабатты кескін алу екенін еске салды. Сондықтан павлодарлықтарға емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша ғана тексеруден өту ұсынылады.
– Бізге рентген сәулелері түскеннен кейін толық ақпарат алу үшін ғана келеді, – деді дәрігер.
Ақ желеңдінің сөзінше, компьютерлік томография аппараты жұмыс істей бастағаннан бері үш мыңға жуық пациент тексеруден өткен.