Павлодар облысының спортшылары халықаралық жарыста топ жарды

Павлодар облысының спортшылары халықаралық жарыста топ жарды

Жарысқа алты елден келген 700-ден астам спортшы бақ таластырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қызрғызстан республикасының Шолпан ата қаласында қоян-қолтық ұрыстан «Kyrgyzstan Open – 2023»  атты халықаралық чемпионат өтті. Спорттық іс-шараға алты елден 700-ден астам спортшы қатысқан. 

Жарыстар балалар, жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер арасында «Дуэль» және ерлер мен әйелдер арасында «Өзін-өзі қорғау» бөлімі бойынша өтті. 

Бұл спорттық сайыста павлодарлық команда барлығы 14 медалді қанжылады. Олар 2 - алтын, 5 - күміс, 7 - қола жүлде жеңіп алған. 

Айта кету керек, екі алтынды алған - ересек спортшыларымыз.