Павлодарлықтар Taza Qazaqstan Telegram-ботын жиі қолдана бастады

Павлодарлықтар Taza Qazaqstan Telegram-ботын жиі қолдана бастады
Фото: Константин Шелков

Онда қала тұрғындары абаттандыру бойынша өтініштерін қалдыра алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аталған сервис арқылы тұрғындар елді мекендерді абаттандыру мәселелері бойынша өтініш қалдыра алады. Қазақстандықтарды өз қалалары мен ауылдарының тазалығына бейжай қарамауға, қоршаған ортаны қорғауға шақырады.

Чат-ботқа жолдардың жағдайы, аулалар мен кіреберістердің тазалығы, көше жарығы, саябақтар мен басқа да абаттандыруға қатысты кез келген мәселе жөнінде хабарлама жіберуге болады.

Өтінішті жолдау үшін мәселені нақты сипаттап, оның фотосуретін тіркеп, мекенжайын көрсету қажет.

Жіберілген өтінімдер жергілікті атқарушы органның операторларына түседі. Олар өтінішті жіктеп, жауапты орындаушыны тағайындайды.

Сондай-ақ кері байланыс жүйесі қарастырылған. Өтініш бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат беріліп, фотодәлел ұсынылады. Ал өтініш иесі көрсетілген қызметтің сапасын бағалай алады.