Павлодарлық жас ғалымдарға гранттар табысталды

Павлодарлық жас ғалымдарға гранттар табысталды
Фото: автор

Олар «Қаныш ізбасарлары» конкурсының үздіктері, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Достық үйінде өткен «Академик Қ.И.Сәтбаевтың феномені: кеше мен бүгін» республикалық ғылыми-практикалық конференциясында «Қаныш ізбасарлары» конкурсының үздің жобаларының иелері мараптталды. Облыс әкімі Асайын Байханов жеңімпаздарға гранттарды табыстады.

– Біздің мақсатымыз Қаныш Сәтбаевтың ғылыми мұрасын жалғастыру, осы бағытта жұмыстарды әрі қарай жалғастыру болып табылады. Ал менің бағытым – тарихи-мәдени ескерткіштерді, соның ішінде киелі объектілерді зерттеу, тану, оларды қоғамға жария ету, – дейді Мәди Рахимов.

Аталмыш гранттар қауымдасқан профессор Айтолқын Дүзелбаева, PhD докторы, профессор Қымбатша Мұхамедива, жаратылыстану жоғары мектебінің аға оқытушысы Динара Шакенова, химия және химиялық технологиялар кафедрасының постдокторанты Иван Раделюк, Қазақстан тарихы кафедрасының постдокторанты Мәди Рахимов, Биология және экология кафедрасының профессоры Римма Уәлиева, Екібастұз инжинерлік-техникалық институтының ректоры Далида Сиваракшаға табысталды.

– Ұлы тұлғаның есімі қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылған. Бабамыздың асыл мұрасы еліміздің ғылыми дамуына жарқын жол ашты. Сондықтан жерлесіміздің еңбегін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жерлесімізді ұлықтау мақсатында павлодар өңірі бойынша 51 нысанға Қ. Сәтбаевтың есімі беріліп, 9 ескерткіш қойылды, – дейді облыс әкімі Асайын Байханов.

Сонымен қатар, аталмыш іс-шара барысында «Қ.И. Сәтбаев Халықаралық қоры» дайындаған ұлы ғалым туралы естелік кітабының тұсаукесері өтті.