Екібастұз қаласы әкімі кубогының жеңімпазы анықталды

Екібастұз қаласы әкімі кубогының жеңімпазы анықталды

Астаналық OneGAME мен жергілікті AF командасы арасындағы шоу-матч аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Матч тартысты өтті. Тәжірибелі қонақтар ойынды қарқынды бастады, дегенмен екібастұздық команданың мықты қорғанысымен кездесіп, OneGAME-ның шабуыл екпіні бәсеңдей түсті.

Таймның ортасына қарай AF командасының ойыны айтарлықтай жақсарды. Алаң иелерінің гол соғатын жақсы мүмкіндіктері болғанымен, бірінші болып қонақтар есепті ашты. Айып добын орындағаннан кейін доп AF қақпасының алыс бұрышынан кірді. 

Екінші таймда OneGAME шеберлігі басым екені одан сайын байқалды: қонақтар шабуылды жақсы үйлестірді, бірақ соңғы пас болмай қалды. Қонақтар матчты оңай жеңіске жеткізетіндей болды, бірақ күтпеген жерден екібастұздықтар бұрыштама добынан кейін есепті теңестірді.

Негізгі уақытта есеп өзгермей, матч пенальти сериясымен аяқталды. Футбол лотереясында OneGAME ойыншылары мықтырақ болып шықты – 5:4. Оларға қала әкімінің кубогы табыс етілді.

Айта кету керек, шоу-матчтың мақсаты – футболға деген құштарлықты дамыту, жағымды психологиялық қасиеттерді ынталандыру, сондай-ақ адамдарға спорттық іс-шараларда өз мүмкіндіктерін көрсетуге және өзін дамытуға көмектесу.

Фото: Айбек Жұматов