Павлодарлықтар кейбір медициналық анықтамаларды онлайн алатын болады
Бұл жаңашылдық келесі жылдан бастап енгізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2025 жылдан бастап тұрғындар облыстық емханаларынан бірқатар медициналық анықтаманы тек электронды форматта алатын болады. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Бағдарламаға сегіз құжат кіреді:
- Еңбекке жарамсыздық парағы;
- 075/у медициналық анықтама;
- Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (ДКК) 026/у;
- Көлік жүргізуге рұқсат беретін анықтамасы 073/у;
- Санитарлық-курорттық карта 069/у;
- Бала денсаулығы паспорты 052-2/у;
- 076/у қаруға рұқсат алу анықтамасы;
- Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама 038/у.
Денсаулық сақтау басқармасының сөзінше, павлодарлықтарға ыңғайлы болу үшін онлайн форматқа көшіру жүргізіледі.
Өз жеке медициналық деректеріңізді eGov мобильді қосымшасында «eDensaulyq» бөлімінде табуға болады.