Павлодарлық жас футболшылар Ташкенттен жүлделі оралды

Павлодарлық жас футболшылар Ташкенттен жүлделі оралды
Фото: «Eagle Team» командасынан

Өзбекстанда түрлі жастағы балалар арасында футболдан халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Халықаралық турнирге Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан атаулы командалар қатысты.

Чемпионатта 2015 жылы туған балалар арасындағы 16 команданың ішінен Павлодарлық «Eagle Team» командасы жаттықтырушы Евгений Измайловтың басшылығымен қола жүлдегер атанды.

Ойының нәтижелері – үш жеңіс, бір тең ойын және бір жеңіліс.

Айта кетерлігі маңызды турнирдің үздік бомбардирі павлодарлық команданың ойыншысы Омар Амир атанды. Ол 10 гол соқты.