Павлодарлықтарға жаңа жылдық безендірудің ерекше түрлері ұсынылады

Павлодарлықтарға жаңа жылдық безендірудің ерекше түрлері ұсынылады
Жасанды интеллект арқылы жасалған сурет

@Pavlodarnews.kz тілшісі жыл сайынғы жаңа жылдық безендіру вирустық трендтерді қайдан шыққанын анықтады.

Келесі жылдың белісі – Жасыл ағаш жылан. Бұл таң қалдыруды, эпатаж, салтанатты білдіреді.

«Dream House» павлодарлық студиясының негізін қалаушы әрі жетекшісі Наталья Корниенко алдағы жылға болжам жасады. Жыл символының табиғилығына байланысты табиғи ағаш, гүлдер, шыны сияқты интерьер элементтері үлгі болып саналады.

Наталья Корниенко осы қыста мерекелерді безендірудің бірнеше трендтерін атап өтті.

1. Бант

Биылғы жылы шыршаны минималистік безендіру бұрынғыдан да танымал. Жаңа жалдық шыршадағы бантиктер бұл идеяның өзектілігін білдіреді. Осы бантиктер әлеуметтік желілерде тез таралып, микротрендке айналған.

– Бұл үрдіс тіпті бір айға да созылмайды. Адамдар мұндай тенденцияларды тез қабылдап, сол арқылы сәнге ілесіп жүргендерін көрсеткісі келеді. Қазір банттарды маклюбе тағамымен, Shine Muscat жүзімімен және дубай шоколадымен бір деңгейге қоюға болады, – деп қосты дизайнер.

Instagram және Tik Tok желісінде «Бежевые мамочки» қозғалысы бар. Бұл – стильде және өмір салтында минимализмді ұстанатын әйелдер. Сондықтан шыршалар бастапқыда қағаз бен ағаштан жасалған монохромды ойыншықтармен табиғи стильде безендірілген. Бұған қоса, шыршаларды мүлде ойыншықсыз орналастырады немесе су тамшылары түріндегі кристалды әшекейлерді іліп қояды.

– Шыршаны минималистік безендірудің негізін қалаушы - Ким Кардашьян. 2023 жылы модель өз шыршаларды толығымен безендірмеген. 2024 жылы өз бақшасын миллиондаған шамдармен әшекейлеп, тренд орнатты. Сондықтан көбі 300 метрлік гирляндаларды сатып алып, Кимге еліктеуге тырысты, – деді Наталья Корниенко.

2. Кеңес одағы кезендегі шырша

Минимализммен қатар, шыршаларды дәстүрлі стильде –кеңестік дәуір стилінде безендіру әрқашан өзекті болады. Жасанды шыршаларға шыныдан жасалған ойыншықтар, жалтырақ мен гирляндалар ілінеді. Ал шыршаның ұшында қызыл жұлдыз бар. Мұндай ағаштар үйде жайлылық пен ностальгия туғызады.

3. Гарри Поттер

Бұл үрдіс ТМД елдерінде онша танымал емес, бірақ Батыста қарқынды модаға енуде.

– Мен шетелге барғанда көптеген адамдар шыршаларды Гарри Поттер стилінде безендіретінін көрдім. Шыршадағы жасанды бұтақтар мен найзағайлар ерекше көрінеді екен, – деді спикер.

Еуропа тұрғындары осы жылы шыршаларды гүлдер мен құстармен, ленталармен және шамдармен безендіре бастады. Бұл жаңа жылға еш қатысы жоқ болғанымен әдемі көрінеді. Сондай-ақ, шыршаның ұшында көп сәулелі жұлдыздар қайтадан танымалдыққа оралды.

4. Жыландар

Мерекелік дастарханды безендіру кезінде келесі жылдың символының элементтерін пайдалануға болады. Көбі қабыршақ имитациясы бар, жыланның бейнесі немесе тұтас мүсіншелер бар декорды үстелге қояды. Осындай декорды дастарханның стилі монохромды болса ғана енгізуге болады.

Осындай таңдау жасаған Наталья Корниенко тенденциялардың тез өтіп бара жатқанын атап өтті. Адамдар сән қуып, өз жеке даралығын ұмытып бара жатыр. Дизайнер қазіргі заманда трендтерге елікпей, өз қалағаныңды істеу – көпшіліктен ерекшелендіретінін айтады.