Прокуратура мен мемлекеттік органдар павлодарлықтарды қабылдайды

Тұрғындар құқықтық кеңес ала алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
10 маусым күні сағат 16:00-де Естай атындағы Мәдениет сарайында «Заң және тәрбие» идеологиялық тұғырнамасы мен «Азамат – тұғырың сенің» Ұлттық іс-қимыл жоспары аясында азаматтарды қабылдау ұйымдастырылады.
Шараға облыс прокуратурасы және облыс пен қала әкімдіктерінің бірқатар мемлекеттік орган өкілдері қатысады.
Іс-шараның мақсаты – халыққа құқықтық көмек көрсету, заңнама нормаларын түсіндіру, өзекті мәселелерді анықтау және құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту.